<?xml version="1.0" encoding="UTF-8"?><song><author>Нурабаева Бахыт</author>
<hymn_number>189</hymn_number>
<title>Өткен іске өкініп РӘЖ189</title>
<lyrics>[V1]
 Өткен іске өкініп,
 Алдыңа мен кеп тұрмын.
 // Тапсырдым өмірімді,
 Өзіңе мойын бұрдым. //

[V2]
 Тілімменен, ойменен
 Өлтіріппін талайды.
 // Өзіңменен жүрегім
 Бір болуды қалайды. //

[V3]
 Сенсің жасыл жайлауым,
 Сенсің тыныш өмірім.
 // Пендемін бір күнәлі,
 Кешіре гөр, Тәңірім. //

[V4]
 Мадақтайын тек Сені,
 Құдіретті Құдайым,
 // Қабыл алшы дұғамды,
 Қызметіңе жарайын. //</lyrics>
</song>